Қоғам • 16 Ақпан, 2023

ЕАЭО шекарасындағы сауда кедергілерін жою туралы келісім ратификацияланды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары 16 ақпан күні үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

ЕАЭО шекарасындағы сауда кедергілерін жою туралы келісім ратификацияланды

Заңды Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин таныстырды.

Оның айтуынша, заң жобасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 55-бабын іске асыру үшін әзірленген және мүше мемлекеттердің үшінші елдермен Еуразиялық экономикалық Одақтың техникалық регламенттерін техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімдермен өзара саудасындағы техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Министр бүгінгі таңда 52 техникалық регламент қабылданғанын, оның 45-і күшіне енгенін атап өтті.

«Келісімді қабылдау Одақ пен үшінші елдер аумағында белгіленген міндетті талаптардың салыстырмалылығын анықтау негізінде сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануға жағдай жасайды», деді Серік Жұманғарин. 

Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті ұсынған қорытындыда келісімге сәйкес Одақтың осындай елдермен халықаралық шарттар жасасуы арқылы жүзеге асыратын үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою көзделетіні жазылған.

Сенатор Ләззат Рысбекова келісім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен үшінші елдер мен негізгі интеграциялық бірлестіктер арасында мүдделер теңгерімін сақтай отырып, саудадағы техникалық кедергілерді өзара жоюдың дамыған тетіктері мен шарттарының болуы арқылы өзара тиімді ынтымақтастықты құруға көмектесетініне сенімді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025