«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райына кең ауқымды антициклон әсер етеді. Батыстан шығысқа ауысатын циклон ықпалында тек батыс облыстар ғана болады. Фронт әсерінен республиканың кейбір облыстарында қар жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.
«16-18 ақпанда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман түсуі мүмкін. Солтүстік жартысында республикада кей жерлерде жел күшейіп, боран соғады», делінген хабарламада.