Нидерланды Қазақстан экономикасына салған инвесторлардың көшін бастап келеді. Соңғы 30 жылда тікелей инвестициялар шамамен $110 млрд құрады және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.
Сонымен қатар соңғы жылдары сауда көлемі тұрақты өсіп келеді. Бүгінде қазақстандық нарықта голландиялық капиталы бар 900-ден астам компания жұмыс істейді.