Кейінгі мәліметтер бойынша Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адьяман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элазыг қалаларында болған жер сілкінісінің салдарынан барлығы 38 044 адам қаза тапты.
Хатай провинциясының тұрғындары жақында тағы да дүмпуді сезінді. Ақпан айының басындағы жер сілкінісінен кейін бірнеше ғимарат қирады.
Жаңа жер сілкінісінің ошағы Жерорта теңізінің шамамен 10 шақырым тереңдігінде болды. Ол түрік жағалауынан шамамен 5 шақырым қашықтықта орналасқан.