«Біз жоспарларды түзеттік, негізгі мәселе - қаржыландыру. Республикалық жолдар республикалық бюджеттен және несиелер есебінен қаржыландырылады. Қарағанды-Балқаш жолының 363 км учаскесін қайта құру 2018 жылы басталған, аяқтау 2023 жылға жоспарланған. Мердігерлер жобаны түзетуді аяқтады, оны ИИДМ қарап жатыр», деді Роман Скляр.
Бұған дейін Роман Скляр Қазақстандағы жылу электр стансалары мен электр желілерін тексерудің аяқталу мерзімін айтқан еді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық жылу электр станциялары мен электр желілеріне ревизия жүргізілді. Аудит осы жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Оның қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар жоспары қабылданады», деді Роман Скляр.