Қазақстан • 17 Ақпан, 2023

Халықаралық сарапшылар «Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылады

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанадағы БҰҰ ғимаратында «Масс-медиа» туралы заң жобасы талқыға түсті. Еуропалық Одақ, БҰҰ өкілдері мен шетелдік сарапшылар заңнамаға қатысты өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық сарапшылар «Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылады

Жиында БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробарт, Литва Журналистер одағының төрағасы Дайнюс Радзявичус, «Құқықтық медиа орталық» қоғамдық қорының директоры Диана Окремова, т.б. сөз сөйледі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің департамент директоры Жасұлан Өмірәлиев заңнаманың ерекшілігі туралы айтып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.