Қоғам • 18 Ақпан, 2023

Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазавтожол» дерегі бойынша, қолайсыз ауа райына байланысты республикалық трассалардың үш учаскесінде автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Жамбыл облысы. «Екатеринбург-Алматы» жол учаскесі, 2005 - 2152 км. Сарышаған кентінен Бурылбайтал кентіне дейінгі учаскеге автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілді.

Жетісу облысы. «Үшарал-Достық», 84 - 184 км. Көктұм станциясынан Достық станциясына дейінгі учаскеге автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілді.

Батыс Қазақстан облысы. «Атырау-Орал», 189 - 371 км. Атырау облысының шекарасынан Чапаевка ауылына дейінгі учаскеге жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.