Аймақтар • 18 Ақпан, 2023

Петропавлда жатақхана өртеніп, 107 адам эвакуацияланды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқыс оқиға Петропавл қаласындағы жатақханалардың бірінде болды. Өртенген ғимараттан 107 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда жатақхана өртеніп, 107 адам эвакуацияланды

ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, бес қабатты үйдің екінші қабатында өрт шыққан. Жалын 20 шаршы метр алаңды шарпыды.

«Өрт туралы қоңырау сағат 12:37-де түсті. Оқиға орнына жеке құрамнан 41 адам мен 13 техника жіберілді. 107 адам эвакуацияланды, оның 13-і - бала. Сағат 13:21-де өрт толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.