Министрлікте өткен брифинг барысында БАҚ өкілдері Серік Құспановтан елімізде қанша білім беру ұйымы лицензияланған күзет жүйесімен қамтылғанын сұрады.
«2023 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша тиісті лицензиясы бар күзет ұйымдары 3 404 мектеп пен 1 371 балабақшаны күзетеді. Оның ішінде дабыл жүйесі арқылы жедел әрекет ететін мобильді топтар арқылы 2 050-ге жуық мектеп пен 790 балабақша күзетіледі. Қалған объектілер физикалық күзетпен қамтылған», деп жауап берді спикер.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта елімізде 6 702 мектеп пен 5 585 балабақша бар. Оның ішінде 3 298 мектеп пен 4 214 балабақшада лицензияланған күзет қызметі жоқ.
«Оқу орындарында лицензияланған күзеттің болмау себебі мәселесі бойынша күзет қызметтерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражатты негізге алу қажет. Өйткені жеке күзет ұйымдары оларды ақылы негізде көрсетеді», деп ойын аяқтады Серік Құспанов.