Тас мүсін табылған жерді зерттеген археологтер ежелгі құрбандық шалатын орын болған дегенді айтады. Сондай-ақ мүсіннің ғылыми сипаттамасын жазған Г.Зданович экспонатты Азияның орманды-даласының антропоморфты (адамды бейнелейтін) мүсін тобы мен біздің заманымызға дейінгі ІІІ мыңжылдықтың соңы мен ІІ мыңжылдықтың бастапқы кезіне жатады дейді. Ал кейбір ғалымдар оның тас дәуіріне тиесілі болуы мүмкін екенін алға тартады.
Бұл мүсінде аспанға қарап, ойға батқан ер адамның сұлбасы бейнеленген. Тас мүсін сұр-қоңыр түсті түрлі түйіршікті құмтастан пикеттеу, қашау техникасымен жасалған.