Әлем • 21 Ақпан, 2023

Түркияда тағы да жер сілкінді: 3 адам қаза тапты

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Хатай провинциясында тағы да жер сілкініп, үш адам қаза тапты, 213-і жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда тағы да жер сілкінді: 3 адам қаза тапты

TRT Haber телеарнасының хабарлауынша, Хатай орталығындағы жер сілкінісі болған жерде іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Біреуі Антакиядан, біреуі Дефнеден және біреуі Самандагтан − үш азаматымыз қайтыс болып, 213 адам ауруханаға жөнелтілді», деді Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу.

Апаттар және төтенше жағдайларды басқару агенттігі (AFAD) теңіз деңгейінің 50 сантиметрге көтерілу қаупіне байланысты азаматтарға жағалау сызығынан аулақ болуға кеңес берді. Сонымен қатар Хатай провинциясындағы бүгінгі жер сілкінісінен кейін жарияланған теңіз деңгейінің көтерілуі туралы ескертудің жойылғанын хабарлады.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Искендерун қаласында үш қабатты бос ғимарат опырылып құлаған.

Түрік әуе жолдары бас директоры Билал Экши Хатай әуежайында эвакуация рейстерінің жалғасып жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, кеше Түркияда жаңа жер сілкінісі болды. Магнитудасы 6,4 болатын бірінші дүмпу жергілікті уақыт бойынша 20:04-те, екіншісі - 5,8 магнитудалы зілзала 20:07-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошақтары сәйкесінше Дефне және Самандаг аймақтарында болды. Бірінші жер сілкінісінің ошағы − 16,7 км, екіншісі 7 км тереңдікте орналасқан.