Әлем • 21 Ақпан, 2023

70 метр биіктіктен құлаған турист аман қалды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландтың Пхетчабун провинциясында жергілікті турист биікте орналасқан тамашалау алаңынан құлап, банан жапырақтары мен қалың шөптің арқасында аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz The Thaiger басылымына сілтеме жасап.

70 метр биіктіктен құлаған турист аман қалды

Бұл жағдай Пху Тхап Бурк саябағының тамашалау алаңында болған. Жергілікті саяхатшы жанында тұрған жасөспірімге көркем фонда суретке түсіруін өтінген. Ер адам лайықты жерді іздеп жүргенде аяғы тайып кетіп, 70 метр биіктегі жартастан құлаған.

Куәгерлер дереу құтқарушыларға хабарлаған. Бұл аймақта қозғалу қиын болғанына қарамастан, жедел әрекет ету мамандары ер адамның құлаған жеріне тез жеткен. Олар турист ешбір ауыр жарақат алмағанын көргенде таңғалғанын жасырмады. Болжаммен ер адамды банан жапырақтары мен қалың шөп аман алып қалған. Зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетіліп, аурухана жеткізілген.