Бокс • 22 Ақпан, 2023

Страндж турнирі: Қазақстан боксшысы қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан боксшысы Ертуған Зейнуллинов Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Страндж халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Страндж турнирі: Қазақстан боксшысы қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

63,5 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Зейнуллинов Испаниядан келген боксшы Конде Ойер Ибарречемен кездесті. Қазақстан боксшысы бұл жекпе-жекте мерзімнен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, Ертуған Зейнуллинов шағын әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Зейнуллиновтың әуесқойлық жетістіктеріне келетін болсақ, ол 2020 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Ал өткен желтоқсанда кәсіпқой бокста дебют жасады. Қарсыласы туралы айтатын болсақ, Конде Хойер Ибаррече 2023 жылғы Кіші әлем чемпионатында жасөспірімдер арасындағы Испания чемпионы атанған.