Ұстаз • 22 Ақпан, 2023

Халықаралық зерттеудің берері мол

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы ақпан-наурыз айында TALIS-2024 сабақ беру мен оқытудың зерттеу жұмысы өтеді. Оған еліміздегі маңызды деген 3 қала мен 5 шағын өңірден 800 мұғалім, 42 мектеп директоры қатысады.

Халықаралық зерттеудің берері мол

– Бұл мұғалімдердің еңбек жағдайы мен мектептердегі білім беру ортасын бағалайтын ауқымды халықаралық зерттеу. Осында жинақталған мәліметтер педагог кадрларды даярлауда олардың біліктілігін арттырып, ынталандырады. Сонымен бірге оқу бағдарламасын дайын­дауда пайдаланады, – дейді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Динара Әбілқанова.

Экономикалық ынтымақ­тас­тық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) алты жыл сайын мұғалімдер мен мектеп директорлары арасында сауалдама арқылы зерттеу жүргізеді. Мұндай талдау еліміздегі педагогикалық корпустың сапасы мен кем-кеті­гін анықтауға және мұғалім­дер­дің еңбек жағдайы мен мектеп­тердегі білім беру ортасына тәуел­сіз баға алуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, Қазақстан TALIS зерттеуіне алғаш рет 2018 жылы қатысып, оған еліміздің барлық аймағынан 6 жарым мың мұғалім мен 331 мектеп директоры өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ педагогтердің сенімді ғылыми-негізделген және ха­лықаралық салыстырмалы де­ректері алынды. Ол «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеу кезінде ескеріліп, Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекет-
тік бағдарламасында көрініс тапты.