Әлем • 23 Ақпан, 2023

Түркия мен Сириядағы зілзала құрбандарының саны 50 мыңнан асты

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісі 43 556 адамның өмірін қиды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді. Ал Сирияда белсенділер 6747 адамның қазасын тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Түркия мен Сириядағы зілзала құрбандарының саны 50 мыңнан асты

Түркия ішкі істер министрі Сүлейман Сойлудың айтуынша, Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 43 556-ға жетті. 

Сирияның адам құқықтарын бақылау орталығының мәліметінше, елде табиғи апаттан 6747 адам опат болған.

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен он мыңнан астам адам жарақат алды. Көптеген адам баспанасыз қалған, олар гуманитарлық көмекке зәру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, апаттан 23 миллионға жуық адам зардап шекті. Апат мамандары жер сілкінісінің экономикалық шығынын 20 миллиард доллардан (18,8 миллиард еуро) астам деп бағалады.