Қоғам • 23 Ақпан, 2023

Қазақстан «Air Arabia» әуе компаниясына айыппұл салды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Air Arabia» әуе компаниясы рейс кешігуі жағдайында жолаушыларға қызмет көрсету талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Азаматтық авиация комитетінің ресми Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан «Air Arabia» әуе компаниясына айыппұл салды

«Air Arabia» әуе компаниясы Алматы-Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген қызметтерді (алкогольсіз сусындарды) ұсынбаған. Осыған байланысты компанияға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабын бұзғаны үшін 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

«Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс аясында жолаушылардың құқықтарын сақтау бөлігінде Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтайды және әуе тасымалдаушылары тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда белгіленген тәртіпте шаралар қабылдайды», деп атап өтті ведомство өкілдері.

Азаматтық авиация өкілдері осы талаптар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзған отандық және шетелдік әуе компанияларын жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.