Қазақстан • 23 Ақпан, 2023

Түркияда 3 адамды құтқарған Мирта атты ит брифинг алаңына келді

1152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркиядағы табиғи апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ құтқарушыларымен және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерімен бірге кинологиялық топтар да қатысқан еді. ТЖМ өкілдері ОКҚ алаңында іздеу-құтқару жұмыстарының қорытындыларына арналған брифинг барысында олардың жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда 3 адамды құтқарған Мирта атты ит брифинг алаңына келді

Мирта атты неміс овчаркасы кинолог-нұсқаушымен бірге ОКҚ алаңына келді. 

«Мирта Түркияда үйінділер астында қалған 3 адамды тапты. Сондай-ақ бельгиялық малинуа овчаркалары Джейкоб, Лига М Сириус және Аксель, лабрадор Чарли Кинг, Гринпис есімді бордер колли, кинолог-нұсқаушылармен және құтқарушылар отрядтарымен бірге бірнеше күн бойы қираған нысандарда жұмыс істеп, әр адамның өмірі үшін күрескен», деп жазылған ОКҚ таратқан хабарламада.

ТЖМ өкілдері қазақстандық кинологиялық топтар іздестіру-құтқару жұмыстарында жақсы нәтижелер көрсетіп, үйінділер астында қалған адамдарды іздеу кезінде  жоғары біліктілігін растағанын айтты.