* * *
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Эни” концернінің бас атқарушы директоры Паоло Скарониді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. П.Скарони Президентті Қазақстандағы концерннің ағымдағы қызметі мен жұмыс жоспарлары туралы хабардар етті. Әңгімелесу барысында “Эни” Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі инвесторлардың бірі болып табылатыны атап өтілді. – Біз Қарашығанақ және Қашаған жобаларына қатысты кейбір жұмыс жәйттерін, сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Италия Премьер-Министрі Сильвио Берлусконидің қатысуымен 2009 жылғы қарашада Римде қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумның барлық позициясын талқыладық. Бұл құжат “Эни” мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық үшін, бәрінен бұрын, газ жобаларына, мұнай өңдеу, мұнай-газ өндірісінің өзге салаларына жаңа көкжиектер ашады, – деді П.Скарони журналистерге арналған брифингте.Петропавлда «Тұқым күні – 2026» халықаралық конференциясы өтті
Аймақтар • Кеше
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Аяз, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Нұртай Сабильянов: Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция – халық талқысында
Ата заң • Кеше