21 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты: Швейцария – Франция 2:5

199 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

20-06-14-shvey-france-1

АСТАНА. 21 маусым. Кеше түнде Бразилияның Салвадор қаласындағы «Фонте-Нова» стадионында Швейцария мен Франция құрамалары екінші турдың ойынын өткізді. Матч 5:2 есебімен француз футболшыларының басымдылығымен аяқталды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Швейцария – Франция 2:5 (0:3). 20 маусым. Салвадор. «Фонте-Нова» стадионы. 51 003 көрермен. Төреші - Бьорн Кейперс (Голландия). Швейцария: Диего Бенальо, Стефан Лихтштайнер, Йохан Джуру, Стив фон Берген (Филипп Сендерос, 9), Рикардо Родригес, Валон Бехрами (Блерим Джемайли, 46), Гекхан Инлер, Джердан Шакири, Гранит Джака, Адмир Мехмеди, Харис Сеферович (Йосип Дрмич, 69). Франция: Уго Льорис, Матье Дебюши, Рафаэль Варан, Мамаду Сако (Лоран Косельни, 66), Патрис Эвра, Мусса Сиссоко, Йоан Кабай, Блэз Матюиди, Матье Вальбуэна (Антуан Гризманн, 82), Карим Бензема. Голдар: Оливье Жиру (17), Блэз Матюиди (18), Матье Вальбуэна (40), Карим Бензема (67), Мусса Сиссоко (73), Блерим Джемайли (81), Гранит Джака (87). 32-минутта Карим Бензема пенальти соға алмады (қақпашы). Ескерту: Йоан Кабай (89). Көпшілік бұл кездесуден қатты текетірес күтіп еді, бірақ іс жүзінде мұнда оның жұрнағы да болған жоқ. Мұның орнына бір қарсыластың екінші қарсыластың еңсесін езіп жіберуі мен тас-талқан етіп жеңуін ғана көрді. Ойынды асықпай бастаған Франция құрамасы бір кездері алаң үстіндегі тегершіктің айналуын шұғыл арттырды да, минуттың айналасында екі голды да салды да тастады. Оларды 17-минутта Оливье Жиру, 18-минутта Блеэз Матюиди өз есептеріне жазды. Есеп осылай аяқ астынан көрнекті болып шыға келді. Швейцариялықтар салдары суға кетіп, бірден ұнжырғалары түсуіне осының өзі жетіп жатты. Бұған қоса, олардың сапындағы Стив фон Бергеннің жарақат алып қалуы себепті ойынның басынан алаңды тастап кетуге мәжбүр болуы ахуалдың ауырлығын бұрынғыдан да қоюландырып жіберді. Француздар мұнымен де қанағаттанбады. Олар үзіліске дейін бір рет пенальти ұру құқығын алумен бірге, тағы бір доптың қарсыластар қақпасы торынан табылуына қол жеткізді. Рас, Карим Бензема қақпаға бағыттаған 11 метрлік айып добын голкипер Диего Бенальо қайтара білді. Бұл чемпионат басталғалы бергі бірінші рет қақпаға түспей қалған пенальти болды. Осыдан кейінгі тағы бір шабуыл толқынында 40-минутта Матье Вальбуэна таблодағы есептің 3:0 болып жануын қамтамасыз етті. Ал екінші тайм француздардың алдыңғы үстемдіктерін нығыздай түсулеріне берілген уақыт тәрізді көрінді. Мұны алдымен 67-минутта Бенземаның ойыннан гол түсіріп, пенальтиде кеткен есесін қайтаруы мен 73-минутта Мусса Сиссоконың өз командасы үшін соңғы нүктені қоюы дәлелдегендей әсер етті. Дегенмен, швейцариялықтар осыдан кейін де жігерлерін жанып, есепті қысқарта түсуге мүмкіндік табатын жігерлілік танытты. Олар өздерінен ешкім ешқандай серпін күтпей тұрған кезде бір доптың қарымтасын қайтарды. Оны 81-минутта Блерим Джемайли жасады. Ал матч бітуге 3 минут қалған шамада Гранит Джака тағы бір голдың есесін кемітті. Сөйтіп, қорытынды есеп 5:2-ге тоқтады. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат.Ру. Фото: Sportbox.ru.

20-06-14-shvey-france-2 20-06-14-shvey-france-3 20-06-14-shvey-france-6 20-06-14-shvey-france-5