АСТАНА. 21 маусым. Бүгін түн ортасына қарай Бразилиядағы әлем чемпионатында Аргентина және Иран құрамалары арасындағы ойын аяқталды. Ол 1:0 есебімен аргентиналықтардың пайдасына шешілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Аргентина – Иран 1:0 (0:0).
21 маусым. Белу-Оризонти. Стадион «Минейран» стадионы. Төреші – Милорад Мажич (Сербия).
Аргентина: Серхио Ромеро, Пабло Сабалета, Эсекьель Гарай, Федерико Фернандес, Маркос Рохо, Фернандо Гаго, Хавьер Маскерано, Анхель ди Мария (Лукас Билья, 90+4), Лионель Месси, Гонсало Игуаин (Эсекьель Лавесси, 76), Серхио Агуэро (Родриго Паласио, 76).
Иран: Алиреза Хагиги, Джаляль Хоссейни, Амирхоссейн Садеги, Пейман Монтазери, Мехрдад Пулади, Джавад Некунам, Андраник Теймурян, Ашкан Дежага (Алиреза Джаханбакш, 85), Масуд Шоджаеи (Хосро Хейдари, 76), Эхсан Хаджсафи (Реза Хагиги, 88), Реза Гооханнеяд.
Гол: Лионель Месси (90+1).
Ескертулер: Джавад Некунам (53), Масуд Шоджаеи (73).
Осы ойында тағы бір сенсация туып кете жаздады. Аргентина құрамасы допқа иелік ету жағынан қарсыластарын екі есе орап алғанына қарамастан, матчтан кейінгі қосымша уақытқа дейін есеп аша алмады. Төреші қосқан осы мезгілде ғана атақты Лионель Месси қақпашының оң жақ бұрышынан саңылау тауып, допты торға жөнелтті. Дегенмен, уақытының көбін қорғаныста өткізген Иран футболшылары да соңғы минуттарда жасаған қарсы шабуылдары кезінде бірнеше рет гол соғып кете жаздады.
Осы жерде ойын соңынд екі команда ойыншылары арасындағы үздігі ретінде ирандық қақпашы Алиреза Хагигидің танылғанын да айта кетейік. Ол расында ғажап ойын көрсетті. Дарбазашы өз қақпасын ең соңына дейін талай голдан аман сақтап қана қойған жоқ, сонымен бірге, әріптестерін алға қарай аттандап ұмтылуға жігерлендіріп те тұрды. Осы жортуылдар барысында парсы футболшыларының гол соғып кететін бірнеше мүмкіндігі болды. Ал ойынның тағдырын Мессидің бір ғана добы шешіп кетті.
Мамандар қазір Аргентина құрамасына мынадай ойынымен келесі кезеңнен өту мүлдем қиынға соғатынын да айтып жатыр.
Дамир Қожамқұл.
Дереккөз: Чемпионат.Ру.
Фото: Sportbox.ru.