22 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты: Нигерия – Босния 1:0

398 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

22-06-14-nigeria-bosnia-1

АСТАНА. 22 маусым. Бүгін таңға таяу Куяба қаласында Нигерия мен Босния құрамалары кездесті. Ойынның тағдырын нигериялық шабуылшы соққан жалғыз гол шешіп кетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Нигерия – Босния 1:0 (1:0). 22 маусым. Куяба. «Арена Пантанал» стадион. 40 499 көрермен. Төреші - Питер О`Лири (Жаңа Зеландия). Нигерия: Винсент Эньеама, Эфе Амбоуз, Джозеф Йобо, Джувон Ошанива, Кеннет Омеруо, Оджени Онази, Джон Оби Микел, Ахмед Муса (Шола Амеоби, 65), Питер Одемвингие, Майкл Бабатунде (Эджике Узоеньи, 75), Эмманнуэль Эменике. Босния: Асмир Бегович, Менсур Муйдза, Тони Шунич, Эмир Спахич, Харис Медунянин (Тино Сушич, 64), Мухамед Бешич, Миралем Пьянич, Изет Хайрович (Ведад Ибишевич, 57), Звездан Мисимович, Сенал Лулич (Сеяд Салихович, 58), Эдин Джеко. Гол: Питер Одемвингие (29). Ескертулер: Джон Оби Микел (81) – Харис Медунянин (6). Көпшілік күткендегідей, Нигерия мен Босния және Герцеговина футболшылары арасындағы бұл матч текетіреске толы болды. Себебі, бұл ойынның бәсі күшті еді. Сондықтан екі команда да жеңіс үшін барын салды. Ал кездесудің қорытындысы бойынша оның ақыры әділетсіздікке әкеліп жеткізді деп айтуға болады. Жоқ, біз Нигерия командасының бұл матчтағы еңбектерін жоққа шығармаймыз. Дегенмен, егер соңында босниялықтар жеңіс тойын тойлаған болса, сол нағыз әділдіктің салтанат құрғанын айғақтаған болар еді. Біздің бұлай деуімізге бірінші таймда босниялық Эдин Джеконың таза соғылған голының лайнсманның қателігінен есепке алынбай қалғаны да себеп болып отыр. Өкініштісі, күші басым жасақ осылайша арбитрлардың кезекті жүгенсіздігінен чемпионаттың жарыс жолынан шығып қалып жатыр. Бұдан басқа, бұл таймда нигериялықтар да бір гол салды. Ақырында сол ойындағы салынған жалғыз доп болып қалды. Ол 26-минутта Эммануэль Эменикенің пасын пайдаланған Питер Питер Одемвингиенің есебіне жазылды. Ал Сафит Сушичтің шәкірттерінде ойынды сақтап қалу үшін алда бір сағаттай уақыт болды. Олар бұл мезгілде таразы басын әбден теңестіре алатын да еді. Бірақ Винсент Эньеманың қақпасы құдды бір сиқырланып қойылғандай өзінің торына қарай ешбір доп жібере қоймады. Осы жеңістен кейін «супер қырандар» төрт ұпаймен өз тобында екінші орынға жеке-дара шықты. Босния құрамасы болса, чемпионаттың осы кезеңінде жарыс жолынан кеткелі отыр. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат. Ру. Фото: Sportbox.ru.

22-06-14-nigeria-bosnia-2 22-06-14-nigeria-bosnia-3 22-06-14-nigeria-bosnia-4 22-06-14-nigeria-bosnia-5 22-06-14-nigeria-bosnia-6