Жапония Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге баспана, азық-түлік және басқа да қажетті заттарды халықаралық агенттіктер арқылы қамтамасыз ету үшін 16 миллион АҚШ доллары көлемінде шұғыл көмек көрсетеді. Бұл туралы министрлер кабинетінің бас хатшысы Хироказу Мацуно баспасөз мәслихатында айтты.
Сондай-ақ Токио жапондық үкіметтік емес ұйым арқылы екі елге қолдау көрсету үшін 4 миллион АҚШ долларын бөледі. Сирияға халықаралық қауымдастықтың гранттарын бағыттайтын трасттық қорға шамамен 7 миллион АҚШ долларын береді.
Жапония үкіметі жер сілкінісінен қираған аймақтарды қалпына келтіру үшін Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыра береді.
Түркия мен Сирия билігінің мәліметінше, екі елде жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты.