Әсіресе, жасөспірімдер арасында буллингке ұшырау қаупі жоғары: балалардың үштен бірі қорлыққа ұшырайды. Дүниежүзінде 13-15 жас аралығындағы әрбір үшінші оқушы мектепте осындай қудалауға тап болады. Ал Қазақстанда жас интернет қолданушылардың кибербуллингке бейімділігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының зерттеуіне сәйкес, кейінгі 4 жылда 1%-ға пайызға өскен.
Осы мәселе орай, қысқа бейнероликтерді көру мен жасауға арналған TikTok жетекші платформасы ЮНИСЕФ-пен бірге және ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен былтыр іске қосылған әрі Қазақстанда қолданушылардың цифрлы сауатын арттыруға бағытталған «Қауіпсіздік академиясы» науқанын жалғастыратын болды. Ауқымды науқанның екінші кезеңі онлайн-кеңістіктегі буллинг проблемасына арналған.
Жоба аясында ЮНИСЕФ пен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің танымал сарапшылары – Санжар Мәди, Шәріп Серік, Нұрлан Батыров, Ғайни Кель пен Митя Байназаров онлайн-қудалау тақырыбына байланысты маңызды мәселелерді талқылайтын тікелей эфирлер сериясын өткізіп, бұл қандай құбылыс, ол неге пайда болады және оны қалай танимыз, кибербуллингтен қорғаудың қандай әдістері бар деген сауалдарға жауап бермек.
Сонымен қатар TikTok-тағы танымал контент авторлары интернеттегі қорлаудан қалай қорғануға болатыны туралы жеке оқиғаларын, білімі мен кеңестерін бөлісетін танымдық видеолар әзірлеген.
Сонымен #ПозитивСыйла (#ДариПозитив) деп аталатын жоба ғаламторда мейірімді де сау ахуал қалыптастыруға, сондай-ақ барлық жастағы TikTok қолданушыларын психологиялық қысымнан, дөрекі пікірлерден және басқа да онлайн қудалау көріністерінен қорғауға үйретуге арналған.
Алдымен 27 ақпаннан бастап платформада психология, құқық және балалар қауіпсіздігі саласындағы жетекші сарапшылармен кибербуллинг тақырыбында тікелей эфирлер өтеді, ал модераторлар мәдениет және кино саласындағы танымал қайраткерлер, олардың арасында актерлер Санжар Мәди мен Шәріп Серік, инфлюенсер Нұрлан Батыров, музыкалық орындаушы Ғайни Кель, сонымен қатар, шоумен әрі TikTok-та танымдық видеолар авторы Митя Байназаров бар.
27 ақпанда сағат 18:00-де – «Just Support» қорының атқарушы директоры, психология магистрі және отбасылық психолог Светлана Богатырева, қолданушылардың өзін және жақындарын осы проблемадан қалай қорғай алатыны туралы баяндайды;
28 ақпанда сағат 12:00-де - ЮНИСЕФ-тің «Be Kind» еріктілер бағдарламасының жаттықтырушысы, психолог және арт-терапевт Владимир Алексанин, жалпы кибербуллинг мәселесі туралы әңгімелеп, оны қалай тануға болатыны туралы кеңестерін бөліседі;
1 наурызда сағат 12:00-де – балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушы, «Ангел» балалар қауіпсіздігі орталығының жетекшісі Зарина Жұмағұлова жасөспірімдер ортасында онлайн-буллингке қатысты мәселелерді талқылайды;
2 наурызда сағат 12:00-де – Халида Әжіғұлова, заң ғылымдарының докторы, қудалау мен кибербуллингтен қорғау бойынша жаттықтырушы, балалар құқығын қорғау жөніндегі құқыққорғаушы жасөспірімдермен кеңестерін бөліседі және желіде қорқытудың алдын алуға көмектесетін практикалық құралдар туралы әңгімелейді.
6 наурызда сағат 14:00-де – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ психолог-педагогтері Аида Есіргепова мен Жанна Арынбаева жасөспірімдер арасындағы мектептердегі кибербуллинг және осы бағытта жүргізіп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы әңгімелейді.
Жобаға арнап атақты адамдар мен танымал TikTok креаторлары қолданушыларға қорлау мен қажетсіз қарым-қатынастан қорғауға көмектесетін платформа құралдары туралы видеолар түсіріп отыр.