23 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты: Бельгия – Ресей 1:0

257 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

22-06-14-rusia-belgium-2

АСТАНА. 23 маусым. Кеше түнде Рио-де-Жанейрода Бельгия және Ресей құрамалары кездесіп, бұлардың алдыңғылары 1:0 есебімен басым түсті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Бельгия – Ресей 1:0 (0:0). 22 маусым. Рио-де-Жанейро. «Маракана». стадионы 73 819 көрермен. Төреші - Феликс Брых (Германия). Бельгия: Тибо Куртуа , Тоби Алдвервейрелд, Венсан Компани, Данэль ван Бюйтен, Томас Вермален (Ян Вертонген, 31), Аксель Витсель, Маруан Феллаини, Дрис Мертенс (Кевин Миральяс, 75), кевин де Брюйне, Эден Азар, Ромелу Лукаку (Дивок Ориги, 57). Ресей: Игорь Акинфеев, Алексей Козлов (Андрей Ещенко, 62), Василий Березуцкий, Сергей Игнашевич, Дмитрий Комбаров, Денис Глушаков, Виктор Файзулин, Александр Самедов (Александр Кержаков, 90), Олег Шатов (Алан Дзагоев, 83), Максим Канунников, Александр Кокорин. Гол: Дивок Ориги (88). Ескертулер: Аксель Витсель (54), Тоби Алдвервейрелд (73) – Денис Глушаков (38). Ресей құрамасы осының алдындағы корейлермен болған бірінші матчына қарағанда, бұл жолы әлдеқайда тәуір ойнады. Бірақ бұл әңгіменің шабуылдың нәтижелі болуына қатысы жоқ. Орыстар бүкіл матчтың өне бойында гол соғатын көптеген мүмкіндіктерді жасап, «қызыл перілердің» біраз шат-шәлекейін шығарғанымен, оларынан түпкі оң нәтиже бола қоймады. Негізінен қарсыластар екі таймда екі түрлі болпы көрінді. Айталық, бірінші таймда бельгиялықтар бірінші таймда анағұрлым басым ойнаса, екінші таймда ресейліктердің бір иықтары озық тұрды. Соған қарамастан, олар ойындағы жалғыз голды, онда да кездесу бітуге 2 минут қалғанда жіберіп алды. Бірінші таймда Ресей қорғаушыларының Дрис Мертенсті ұстап тұруы қиынға соқса, үзілістен кейін форвардтың өзі бәсеңсіп кетті. Ал Алексей Козлов сексен минут бойы Эден Азарды тыпыр еткізбесе, сосын алаңға оның орынан шыққан Андрей Ещенко да міндетін тамаша атқарды. Алайда, ең соңғы сәтте одан көз жазып қалды. Міне, ойынның тағдыры шешілуіне осының өзі жетіп жатты. Кездесу 88-минутқа дейін 0:0 деген қалыпты ұстап тұрды. Сол кезде «қызыл перілер» қауырт қарсы шабуылға көшті. Оның барысында Дивок Ориги сол қапталдан жүгіріп шығып, қарсы беттегі айып алаңына жетті. Оның берген добын алған Эден сәлден қайтара өзіне ұсынды. Ал Ориги жақын жерден Игорь Акинфеев қорғаған қақпаға қатты соққы жасады. Гол! Уақыттың тым аз қалғанына қарамастар, орыстарда бұдан кейін де ойын нәтижесін құтқарып қалатын мәуріттер болды. Бас жаттықтырушы Фабио Капелло соңғы жорыққа Александр Кержаковты қосты. Ол 90-минутта Александр Самедовті алмастырды. Бірақ бәрі енді кеш еді. Бұған қоса, Марк Вильмотстің жігіттері ресейліктердің шапқыншылығын пайдаланып ұйымдастырған қарсы шабуылдары кезінде тіпті екінші голдарын да соғып кете жаздады. Алайда, соңғы сәтте Кевин Миральяс қақпашыны алдап өте алмады. Осылайша Ресей құрамасы өкінішті жеңіліске тап болды. Ал екі ойыннан 6 ұпай жинаған Бельгия плей-офф кезеңіне өтті. Енді көп жайтты соңғы турдың нәтижелері анықтайды. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат.Ру. Фото: Sportbox.ru.

22-06-14-rusia-belgium-3 22-06-14-rusia-belgium-4 22-06-14-rusia-belgium-5 22-06-14-rusia-belgium-6 22-06-14-rusia-belgium-7