newsroom.kz
Саяхатшылар ең көп барған Қазақстанның көрікті жерлерінің топ бестігін назарларыңызға ұсынамыз.
БЕСІНШІ ОРЫН – ШАРЫН ШАТҚАЛЫ. Шалғай жатқанына қарамастан Шарын шатқалы саяхатшылар көруге құмартатын еліміздегі көрікті орындардың бірі. Өткен жылы бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған.
ТӨРТІНШІ ОРЫН - БАЯНАУЫЛ. Баянауылға бару бүгінде ел ішінде сәнге айналып келеді. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалыпты.
ҮШІНШІ ОРЫН – КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ. Көлсай көлдері де саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асады.
ЕКІНШІ ОРЫН – БУРАБАЙ. Отандық туризмнің бойтұмарына айналған Бурабай ұлттық саябағы келушілер саны бойынша да көш басында. Көкшенің көз тоймас көрікті жерлерінде 550 мыңнан астам адам қыдырыпты.
БІРІНШІ ОРЫН – ІЛЕ АЛАТАУЫ. Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің ақпараты бойынша 2022 жылы туристер арасында ең танымал орын атағын - Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы жеңіп алған. Өткен жылы Іле-Алатауының табиғатын 628 мың турист тамашалаған.