02 Маусым, 2010

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ӨЗАРА СЕНІМГЕ НЕГІЗДЕЛЕДІ

640 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Таяуда “Техреттеу 2012: БЭК аума­ғында біртұтас техникалық мөлшерлеу және мойындау” халықаралық конфе­рен­циясы шеңберінде “Еуразиялық эко­но­микалық қауымдастық және біртұтас экономикалық кеңістікте техникалық реттеудің біртұтас жүйесі” секциясының отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар эконо­ми­калық интеграция үдерісінде техни­ка­лық мөлшерлеу барған сайын ұлттық деңгейден жоғарылап бара жат­қан­дығына түсіністік білдіріп, сапалы өнім мен қауіпсіз тұтынуды қамтамасыз ету, саудадағы кедергілерді жоюға ықпал жасайтын санитарлық,  фитосанитарлық шараларды және техникалық реттеу аумағындағы біртұтас құқықтық норма­тивтік базаны құрудағы мәселелерді тал­қыға салды. Кеден одағының нор­мативтік актілері ұлттық деңгейден жоғары сипат алып, ұлттық заңнамалар халықаралық талаптарға сәйкес келтірілуі тиіс. Халықаралық келісіммен қайшылық туындаған кезде, отандық заңнамаларға тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Бұл ЕурАзЭҚ шеңберіндегі техникалық реттеу үдерісіне де қатысты. Мәселен, нақты бір өнімге халықаралық келісім түрінде ЕурАзЭҚ техникалық регламенті қабылданса, онда сондай өнімге әзірленген қазақстандық техрегламенттен бас тартып, ЕурАзЭҚ және Кеден одағы құжаттарына баса назар аудару қажет. Егер Қазақстанда нақты бір өнімге техникалық регламент болған жағдайда, яки отандық өнім өндірушілердің оң қорытындысы болса, онда біз реттеу үшін қазақстандық құжатты негіз ретінде ұсынамыз және келіссөздер кезінде Қазақстан ұста­нымын ұстанамыз. Егер Қазақстанда қандай да бір өнімге ондай құжат болмаса, бірақ ол Ресей немесе Бело­руссияда қабылданып қойылса, онда Беларусь немесе Ресейдің қолданыстағы техникалық регламенті негізге алынады, өйткені, бұл құжаттар тәжірибе жүзінде тексерілген. Әрине, бұл жерде де отандық өнім өндірушілердің оң қорытындысы қажет, деп санайды Ғабит Мұхамбетов. Қорытындысында хаттамаға қол қойылып, онда КО, ЕурАзЭҚ және ҚР техникалық регламенттерін әзірлеу жөніндегі жоспарларды қайталауды болдырмау, сондай-ақ техникалық регламенттерді әзірлеуді үйлестіруде ведомствоаралық және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда   ТРМК рөлін күшейту қажеттігі көрініс тапты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.