Отандастарымыз екі турнирде де ерекшеленіп, барлығы 13 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 4 күміс және 3 қола. Олардың барлығы да дөңгелек стендтен ату жарысынан берілді.
Азия Кубогының алтын медалін Ольга Панарина мен Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина бастаған әйелдер құрамасы, Данил Стрельцов пен Адель Садақбаева бастаған жасөспірімдер құрамасы, сондай-ақ микс-команда – Әсем Орынбай және Эдуард Ещенко иеленді. Күміс медальді Эдуард Ещенко, Юнус Мачжон және Артем Седельников бастаған ерлер құрамасы, жасөспірімдер құрамасынан Илья Пеньков пен Амалия Кудрявцева, сондай-ақ Зоя Кравченко мен Юнус Мачжон бастаған аралас команда алды. Қола жүлдегерлердің үштігінде Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко және жасөспірімдер тобынан Эвелина Шек бар.
Ал Зоя Кравченко Қазақстан қоржынына ең беделді «Кувейт Гран-приі» алтын жүлдесін салды. Айтулы жарыста оған тең келер спортшы болмады.
«Стендтік және оқ ату Қазақстанда қарқынды дамып келеді, бұған біздің құраманың ірі халықаралық турнирлердегі соңғы нәтижелері дәлел бола алады. Медальдарды тек біздің ересектер командасы ғана емес, жасөспірімдер де жеңіп алғаны ерекше қуантады. Бұл тағы да отандық мергендер мектебінің күші мен қазақстандық жаттықтырушылардың жоғары біліктілігін көрсетеді», деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.
Айта кетейік, Азия Кубогы мен «Кувейт Гран-приі» 2 наурызда аяқталады.