Спорт • 27 Ақпан, 2023

Қазақстандық таэквондошылар Словения чемпионатында жеңіске жетті

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Словенияның Любляна қаласында өткен таэквондодан Slovenia Open халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық таэквондошылар Словения чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық таэквондошылар турнирде 5 алтын, 7 күміс, 13 қола медаль иеленіп, жалпы есепте көш бастады.

а

G-1 санатындағы жарыстарға әлемнің 50 елінен 1000-ға жуық спортшы қатысты. Жарыс жеңімпаздарының қатарында қазақстандықтар да бар:

  • «Алтынды» Мария Севостьянова, Самирхон Абабакиров, Ғазез Нұрбек, Эльдар Бірімбай және Рита Бакишева жеңіп алды.
  • Әділет Базарбаев, Ысқақ Елдос, Жавохирхон Исламов, Виктория Кучина, Орынбасар Мақсат, Рахым Әділханов және Наргиза Қойшыбекова күміс медальға ие болды.
  • Рахым Рахат, Аманбол Бегімбетов, Елшібай Елжан, Әзірет Дүйсенбек, Айдана Құмартаева, Ботагөз Қапанова, Ермекбай Әлібек, Назым Махмұтова, Нұрай Хусайынова, Бауыржан Хасенов, Нұрлан Мырзабаев, Дүйсебай Сайымапар қола медаль иеленді.