Инвестиция • 27 Ақпан, 2023

Қазақстанда жаңа мыс зауыты салынады

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде тағы бір мыс өңдеу зауыты салынады. Өндірістік жобаны өзбекстандық кәсіпкер қолға алып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанда жаңа мыс зауыты салынады

Кәсіпорын шекаралас аймақтардың бірінде салынады. ИИДМ мен Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі инвестормен жаңа келіссөздерді талқылап жатыр. Жобаға 100 миллион долллар қаржы салынады. Инвестор өндіріс көлемін 15 миллион шаршы метрге жеткізіп, 100-ден аса жұмыс орнын қамтуды жоспарлап отыр.

«3D принтер жұмыс істеп тұр. Онымен керамика әрленеді. Шикізат сырттан тасымалданбайды. Өзбекстанда осындай 2 зауыт істеп тұр. Жақында үшінші зауыт ашылады», деді инвестор. 

Енді инвестор Қазақстанда мыс өңдеу зауытын ашпақшы. 

«Қазақстанда металл көп. Өндіріс көлемі Өзбекстаннан 4 есе жоғары. Қазақстанда 450 мың тонна мыс шығарылады», деді ол.