Теннис • 27 Ақпан, 2023

Александр Бублик үздік 50 теннисшінің қатарына кірді

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылардың рейтингтілерінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өз жағдайын төрт позицияға жақсартып, 46-орынға жайғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Бублик үздік 50 теннисшінің қатарына кірді

Sports.kz хабарлағандай, сербтық Новак Джокович әлемдегі ең мықты теннисші болып қалды, екінші орында испандық Карлос Алькарас, үшінші орында грек Стефанос Циципас тұр.

Тимофей Скатов бес орынға артқа шегінді (134).

Жұптық рейтингте америкалық Раджив Рам көш бастап тұр. Одан кейін британдық спортшы Джо Солсбери екінші орында, ал голландиялық Уэсли Кулхоф пен тағы бір британ өкілі Нил Скупски үшінші орынды бөлісті.

Қазақстандық Андрей Голубев жеті қатарға төмендеп, үздік 50-ден 51-орынға шықты. Александр Недовесов 68-орында қалды. Бублик 17 позицияны жоғалтты.