Түркия үкіметінің Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарды жою басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезердің айтуынша, жерасты дүмпулері салдарынан 29 тұрғын үй қирап, бір адам қаза тауып, Малатьяның 110 тұрғыны жарақат алған. Екі үйдің қирандыларында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 657 адам жұмылдырылды.
Юнус Сезер азаматтарға бүлінген үйлерден аулақ болуды еске салды.
«Төтенше жағдай аймағында тұратын барлық азаматтар ұялы телефондарына SMS хабарлама алды. Жерасты дүмпулері жалғасып жатыр, үйлер тағы құлауы мүмкін», деп ескертті ол.
Еске салайық, Түркияның Малатья қаласында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Ешилюрт аймағында болған жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алды.