Елорда • 01 Наурыз, 2023

Елорда әкімі астаналықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек астаналықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда әкімі астаналықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл мереке достық пен бірліктің, татулықтың жарқын бейнесі.

Дәрігерлерімізге, ұстаздарымызға, коммуналдық қызмет мамандарына, құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және қаланың барлық тұрғынына үлкен алғысымды білдіремін! Әрбір тұрғын қаламыздың дамуына өз үлесін қосып келеді.

Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс және отбасыларыңызға амандық тілеймін!», делінген әкім құттықтауында.