Осыған дейін шорт-трекшілер 4 жүлде жеңіп алған еді.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, алғашқы күні 1500 метрде Мейіржан Төлеген күміс, Малика Жолтабар қола жүлдегер атанды. Ал кеше 3 шақырым эстафетада ұлдар құрамасы мəреге 2-ші, қыздар 3-ші болып келген.
«Соңғы күні алтын медаль алуға барымызды салдық. Бізге жетпей тұрғаны сол ғана еді. Жалпы еншімізде 6 жүлде бар. Меніңше, барлық спортшы жақсы өнер көрсетті. Əрқайсысы кем дегенде елге бір жүлдемен оралады. 2019 жылғы алғашқы ойындарда бір алтын, бір күміске ие болған едік. Осы жолы сол көрсеткішті жақсартқанымызға қуаныштымын», деді шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері Данабек Хайров.