02 Маусым, 2010

ӨҢІРЛІК ҚАУІПСІЗДІК

709 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
МҮДДЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ Ресей Федерациясының Ека­те­ринбург қаласында 1-5 мау­сым ара­лығында екі ірі ха­лық­ара­лық іс-шара болып өтеді: ТМД-ға қаты­су­шы мемлекеттер қауіпсіздік ор­ган­дары және арнайы қыз­меттері бас­шылары кеңесінің 28-ші мәжілісі және Тер­роризм­мен күрес мәсе­ле­лері жөнін­дегі дүние жүзі елдері арнайы қыз­меттері, қауіпсіздік ор­ган­дары және құқық қорғау ор­ган­дары басшы­ла­рының 9-шы кеңесі. Форумға қатысушылар ха­лық­ара­лық және өңірлік қауіпсіздік мүд­де­сін­де өзара әрекеттесудің көкей­кесті мә­се­лелерін кең ауқымда талқылайтын болады. Біздің еліміз тарапынан осы ке­ңес­тердің жұмысына ҰҚК төрағасы, генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов басқарған ҰҚК делегациясы қа­ты­сады, деп хабарлады осы ведомство­ның баспасөз қызметі.