02 Маусым, 2010

ҒАЛЫМ МҰРАСЫ

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­си­тетінде ҰҒА академигі, Мем­ле­кеттік сыйлықтың лауреаты, Ғы­лым мен техникаға еңбегі сіңген қай­раткер, филология ғылым­да­рының докторы, профессор Рым­ғали Нұрғалидың туғанына 70 жыл толуына арналған “Рымғали Нұр­ғали: Мұрасы және қазіргі әде­биет пен тіл ғылымының кө­кейк­ес­ті мәселелері” атты халықаралық ғы­лыми-теориялық конференция өтті. Оның жұмысына Президент Әкімшілігі басшысының орын­ба­сары Мәулен Әшімбаев, Мә­дениет министрі Мұхтар Құл-Мұ­хам­мед, Білім және ғылым ми­нистрі Жансейіт Түймебаев, Пре­зиденттік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдас­бе­ков, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, жоғары оқу орындарының ректорлары, белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, аспиранттар мен ізденушілер, алыс және жақын шетелдердің ғалымдары қатысып, Р.Нұрғалидың шығармашылық мұрасын зерделеу арқылы тіл бі­лімі, әдебиеттану, тарих, фи­ло­ло­гия, педагогика және психология сияқты ғылымдардың өзекті мәселелерін талқыға салды. Сонымен бірге үш тілде өткен кон­ференцияның аясында ғалым туралы кітап пен сурет көрмелері, “дөңгелек үстел” отырысы өткі­зіліп, өзі соңғы кездері қызмет еткен универси­тет­тің оқыту­шы­лары мен сту­денттері ұстаз­да­ры­ның ғылымға сіңірген еңбегі, шы­ғар­машылық ізденістері, жеке азамат ретіндегі өмірлік ұста­ным­дары жөнінде ойларымен бөлісті. Дастан КЕНЖАЛИН.