Елорда • 02 Наурыз, 2023

Астана жастарына тегін медициналық кеңес беріледі

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы тақырыбында Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана жастарына тегін медициналық кеңес беріледі

Жастар денсаулық орталықтары – бұл еріктілік, қолжетімділік, ізгі ниет және сенім қағидаттарына негізделген, бұл жасөспірімдер мен жастарға кеңес беру мен қызмет көрсетудің халықаралық деңгейде танылған интеграцияланған жүйесі. Орталықтарда жастар өздері үшін қажетті кеңес пен мамандардың көмегін ала алады.

3 наурыз күні №6 қалалық емхананың Жастар денсаулық орталығы базасында келесі мамандардың тегін консультациялары ұйымдастырылады:

  • Дерматолог (14:00-20:00);
  • Гинеколог (8:00-18:00);
  • Уролог (14:00-20:00);
  • Психолог (8:00-18:00);
  • Заңгер (8:00-18:00);
  • Әлеуметтік қызметкер (8:00-18:00).

Күні бойы бейінді мамандар консультативтік қабылдаулар өткізетін болады, сондай-ақ тренингтер, үстел ойындары ұйымдастырылады.

Барлық ниет білдірген 14 жастан 29 жасқа дейінгі азаматтар Аманат көшесі, 3, 5 қабат, 511 кабинет мекенжайына жүгіне алады.