Білім • 04 Наурыз, 2023

Биыл Президент стипендиясы кімдерге бұйырады?

538 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ашық НҚА порталында  Президенттің 2023 жылға арналған стипендиясын беруге қатысты екі бұйрықтың жобасы талқы үшін жарияланды, деп хабарлады Egemen.kz.

Биыл Президент стипендиясы кімдерге бұйырады?

Жобаға сәйкес, биыл Президент стипендиясы төрт министрлік арасында бөлінеді. Олар: 

  • Ғылым және жоғары білім министрлігі – 2002 (оның жетеуі магистратураға);
  • Мәдениет және спорт министрлігі – 25 (оның біреуі магистратураға);
  • Денсаулық сақтау министрлігі – 6;
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі – 45.                                                                                                                                                                                              Айта кетейік, 2023 жылы бакалавриатқа арналған стипендия мөлшері 73 320 теңге болса, магистранттар үшін – 173 974 теңге. Стипендия ЖОО ректорының бұйрығымен тағайындалады және бір оқу жылының бір семестрі бойы төленеді. Стипендияға ие болу үшін грантпен оқу міндетті емес, оны ақылы бөлім студенттері мен магистранттары да иелене алады.         

    2023 жылы Президент стипендиясын келесі аталған жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары иеленеді: 

    • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 100 (оның екеуі магистратураға);
    • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 94 (оның екеуі магистратураға);
    • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 94;
    • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – 2;
    • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – 5 (оның біреуі магистратураға);
    • Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – 7;
    • Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – 30;
    • А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті – 55;
    • Торайғыров университеті – 20;
    • Павлодар педагогикалық университеті – 21 (оның біреуі магистратураға);
    • Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті – 27;
    • Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті – 4;
    • Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті – 34;
    • Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті – 12 (оның біреуі магистратураға);
    • Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – 13;
    • Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті – 8;
    • Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті – 11;
    • Қарағанды индустриялық университеті – 2;
    • Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi – 47;
    • Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті – 34;
    • М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi – 60;
    • Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті – 20;
    • Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті – 11;
    • М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті – 25;
    • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті – 25;
    • Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті – 2;
    • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – 4;
    • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – 2;
    • КИМЭП университеті – 25;
    • Нархоз университеті – 3;
    • Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті – 7;
    • Алматы технологиялық университеті – 16;
    • Алматы Менеджмент Университет – 4;
    • Халықаралық білім беру корпорациясы – 35;
    • «Тұран-Астана» университеті – 2;
    • «Тұран» университеті – 15;
    • Сүлеймен Демирел атындағы университет – 30;
    • Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті – 2;
    • Астана халықаралық университеті – 4;
    • К.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институт – 18;
    • Еуразия гуманитарлық институт – 5;
    • Логистика және көлік академиясы – 1;
    • Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті – 4;
    • Халықаралық бизнес университеті – 12;
    • Тараз халықаралық инновациялық университеті – 3;
    • Еуразия технологиялық университеті – 2;
    • Қазақ технология және бизнес университеті – 1;
    • Каспий қоғамдық университеті – 3;
    • Alikhan Bokeikhan University – 12;
    • Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті – 14;
    • Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті – 4;
    • Шымкент университеті – 5;
    • Қазақстан-Американдық еркін университеті – 4;
    • А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті – 4; 
    • Қазақстан-Неміс университеті – 1.

    Бұйрықтардың жобасы 20 наурызға дейін ашық талқыға ұсынылған.