Білім • 06 Наурыз, 2023

Бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқып жатыр

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ауа райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысындағы мектептерде сабақ онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқып жатыр

Өскемен қаласы, Глубоковский ауданында 0-9 сынып аралығындағы бірінші ауысым оқушылары онлайн форматқа көшті. Сондай-ақ Күршім ауданы Күршім ауылында 0 сыныптан 11 сыныпқа дейін бірінші және екінші ауысымдағы оқушылар, Риддер қаласында 0-6 сынып аралығында бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.

Абай облысында Семей, Курчатов, Бесқарағай, Бородулиха, Аягөз, Жарма аудандарындағы бірінші және екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Сондай-ақ Семей қаласындағы колледждердің бірінші және екінші курс студенттерінің де сабақтары онлайнға ауысты.

Қостанай облысында қатты желдің салдарынан бірқатар мектепте сабақ онлайн форматқа көшірілді. Денисовский, Қарабалық және Меңдіқара аудандарында бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды.