Қазақстан • 06 Наурыз, 2023

Заң бұзған 674 шетелдік азамат елден шығарылды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі 674 шетелдіктің елден шығарылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Заң бұзған 674 шетелдік азамат елден шығарылды

Ішкі істер министрлігі шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға бағытталған «Мигрант» жедел-алдын алу шарасының қорытындысын шығарды.

«Көші-қон заңнамасын бұзғандарды ел аумағынан шығару туралы 674 сот шешімі шығарылды. Барлық шығарылған тұлғаларға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Сонымен қатар өз азаматы болып табылатын елде қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 22 шетелдік ұсталды», деп хабарлады ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Ол Жамбыл облысында Шекара қызметі мен ҰҚК бірлесіп 2022 жылдың қарашасында Қазақстанға заңсыз кірген Пәкістанның тоғыз азаматы, Алматыда Қырғызстан азаматы мемлекеттік шекараны өткізу пунктінен тыс жерде заңсыз кесіп өткен азамат ұсталғанын атап өтті.

Сондай-ақ заңсыз көшіп келушілерге баспана берген тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.