Қазақстандық теннисші дүниежүзінің 254-ракеткасы, ресейлік Мария Тимофеевамен ойнады.
Нәтижесінде Гөзал Айнитдинова 6:3, 6:1.7:6 (7:3) есебімен жеңді.
«Бірінші сетте қауқарсыз болдым, не болып жатқанын түсіне алмадым. Екінші партияда белсенді болып, тез әрекет еттім, сосын партияны жеңу мүмкін болды. Үшінші шешуші сетте мен 5:3 есебімен жүрдім, озу мүмкін болмады. Тай-брейкке дейін барып, жеңіп шыққаныма қуаныштымын», деді Г. Айнитдинова матчтан кейін.
Енді Гөзал Айнитдинова ширек финалға шығу үшін дүниежүзінің 136-ракеткасы, жапониялық Моюка Учижимамен ойнайды.