Қоғам • 09 Наурыз, 2023

Қазақстан студенттері Аmazon компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық студенттер  корпорацияның ауқымды халықаралық жобасымен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. OpenSearch Amazon жобасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Amazon компаниясы арасындағы меморандум аясында жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары оқу министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан студенттері Аmazon компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алды

2022 жылдың соңында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Amazon компаниясы арасында Жоғары білім беру саласындағы перспективалық ынтымақтастық, студенттердің оқу процесінде инновацияларды енгізу және мансабын бастау үшін қажетті дағдыларды игеру мүмкіндіктерін кеңейту туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Екі жақты келісім аясында Қазақстанда College Contributor initiative пилоттық бағдарламасы іске қосылды. Енді еліміздің ЖОО студенттері Amazon компаниясының халықаралық аудиториясы арасында бірінші болып OpenSearch Amazon ашық бастапқы коды бар жобамен жұмыс істеуге қатысады.