Егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құралымдарында 149,8 мың трактор, 76 мың тұқым сепкіш, 219 мың топырақ өңдеу құралы бар.
«Қазақстанда бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияларды орындайтын қазіргі заманғы егіс кешендерінің 4,9 мыңнан астам бірлігінің болуы агротехнологияларды дәл сақтай отырып, дәнді дақылдар алаңдарының 70%-ын себуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған техникалардың дайындығы шамамен 95%-ды құрайды, егіс жұмыстарын бастау алдында 100%-ға дайын болады», деді спикер.