Аймақтар • 10 Наурыз, 2023

Оралда қалалық соттың судьясы жұмыс орнында қайтыс болды

1087 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда қалалық соттың судьясы жұмыс орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оралда қалалық соттың судьясы жұмыс орнында қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ақпаратты растады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қоңырау сағат 9:48-де түскен. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

«1968 жылы туған ер адам жұмыс орнында денсаулығына шағымданған. Жедел жәрдем шақырған адамның айтуынша, ол есінен танып құлаған. Марқұмның жүрегі тоқтап, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен», делінген хабарламада.