Әлем • 10 Наурыз, 2023

Арменияда оқушылар автобусы биіктен өзенге құлап кетті

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мектеп автобусы жолдан шығып, бірнеше мәрте аударылып, бес метр биіктіктен өзенге құлады. Оқыс оқиға 10 наурызда Арменияның Сюник облысында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арменияда оқушылар автобусы биіктен өзенге құлап кетті

Автобуста оқушылар мен мұғалімдер болған.  Апаттан зардап шеккендердің саны 21-ге жетті. Бұл туралы News.am порталы хабар таратты.

Оқыс оқиға сағат 14:21 шамасында Арачадзор ауылының әкімшілік аумағында Капан-Норашеник тас жолында болды. Апаттың себептері анықталып жатыр.