Төтенше жағдай • 11 Наурыз, 2023

Батыс Қазақстандағы 10 ауыл-аймақты су басуы мүмкін

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде су тасқынын болдырмау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстандағы 10 ауыл-аймақты су басуы мүмкін

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша Тасқала ауданының Тасқала ауылындағы «Дерқұл-Тасқала» гидробекетінде 11 наурыз күні таңертең Дерқұл өзеніндегі су деңгейі 544 см құрады, тек бір тәулік ішінде судың деңгейі 158 см-ге көтерілді. Шежін-2 ауылында Шежін-2 өзеніндегі су деңгейі 799 см құрайды.

ТЖ министрлігі Тасқала ауданының 2 елді мекені және Бәйтерек ауданындағы 8 елді мекен ықтимал су басу аймағында тұрғанын хабарлады.

Жергілікті жерлерде әкімдіктер мен ТЖД қатарынан кезекшілік ұйымдастырылды. Тұрақты негізде су айдындарына мониторинг жүргізілуде.

Облыс әкімінің орынбасары Е.Т. Балтаевтың басшылығымен облыстық ТЖ жөніндегі комиссияның шұғыл отырысы өтті.

Тасқынның алдын алу үшін арнайы техникалар елде мекендерге жеткізілді. 

Ауа температурасы күндіз 2-ден 8 градусқа дейін жылы, түнде 0-ден 5-ке дейін аяз. Дерқұл өзеніндегі мұздың қалыңдығы 90 см.

Топырақтың қатуы 115 см құрайды, қар тез еріген жағдайда қар суының жерге сіңіп үлгермеу қаупі бар.