Төтенше жағдай • 12 Наурыз, 2023

Жітіқара ауданын су басу қаупі бар

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бірнеше аймағында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланып, ескерту жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жітіқара ауданын су басу қаупі бар

Жітіқара ауданында су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Қаланың ескі жағында қар тазаланып жатыр. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жалғызбасты зейнеткерлерге ауласын тазалауға көмектесуде.

Су тасқынын болдырмау және  алдын алу үшін аудан әкімдігі 10 тонна отын, 60 тонна инертті материалдар, 1000 тонна қап дайындады.

Жітіқарада су өткізгіш құбырларды тазарту басталды.

Су тасқыны кезінде зардап шеккендерге азық-түлік жеткізушілерімен де келісім-шарт жасалған.