02 Маусым, 2010

ТАНЫМАЛ СПОРТШЫЛАР – “НҰР ОТАН” МҮШЕСІ

1151 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
31 мамырда “Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратының ғимара­тында Қазақстанның танымал спорт­шы­ла­рын партия қатарына алу салтанаты өтті. Осы іс-шараға қатысушы спортшылардың алдында сөз сөйлей отырып, “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин былай деді: “Cіздердің жеңістеріңіз – бұл еліміздің, мемлекетіміздің жеңістері. Себебі, Елбасымыз, пар­тиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­баев әрқашанда спорт өнерін да­мы­туға ерекше көңіл бөліп, барлық жағынан қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі күні Спорт және туризм министрлігі атқарып келе жатқан жұмыстар өз нәтижесін беріп отыр”. “Нұр Отан” партиясының қатарына Қазақстанның келесі танымал спортшылары қабылдан­ды: Мерей Ақшалов – 2008 жылғы XІX Олимпиада ойындарына қатысушы, бокс бойынша әлем чемпионы, халықаралық дәреже­дегі спорт шебері; Сиязбек Далиев – параолимпиадалық Азия чем­пионатында жасөспірімдер ара­сында жүзу бойынша 2 күміс және 2 қола медаль иегері; Гүлжан Исанова – дзюдо бойынша 2009 жылғы Азия чемпионы, студенттер универсиадасының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бақытжан Қожабеков – жастар арасында бокстан  екі дүркін Азия чемпионы, халықара­лық дәрежедегі спорт шебері; Елена  Папина – су астында тұс­пал­дау бо­йын­ша әлем және Еуро­па чем­пионы, халықаралық дәреже­дегі спорт шебері; Марина Петракова – 2009 жылғы әлем чемпионатының көркем гим­настика бойынша күміс жүлдегері, Азияның 2009 жылғы чемпионы, Қазақстан Респуб­ли­ка­сының 2008 жылғы чемпионы, 2007 жылғы Олимпиада ойындарына қа­тысу­шы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері; Светлана Подобедова – ауыр атлетика бойынша әлем чемпионы, Қазақстан Республика­сының еңбегі сіңірген спорт ше­бері;  Владимир Седов – әлем чемпио­ны, 2008 жылғы ХІХ Олимпия ойындарында ауыр атлетика бойынша 5 орын иегері, Қазақстан Республикасының ең­бегі сіңірген спорт шебері; Николай Чеботько – 2010 жылғы ХХІ Қысқы олимпия ой­ын­да­рында шаңғы жарысы бо­йынша 5 орын иегері, халық­аралық дә­режедегі спорт шебері; Арман Шылманов – 2008 жылғы XІX Олимпия ойындарын­да таэквондо бойынша қола жүл­дегері, Қазақстан Республикасы­ның спорт шебері; Людмила Шумилова – су астында тұспалдау бойынша бірнеше дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Рес­публикасының ең­бегі сіңірген спорт шебері;  Елена Хруста­лева  – 2010 жылғы ХХІ Қысқы олимпия ойын­да­ры­ның биатлон бойын­ша күміс жүл­дегері, Қазақстан Респуб­ли­­ка­сының спорт шебері және басқалар. “Егемен-ақпарат”.