Оқиға • 12 Наурыз, 2023

Жолда қалып қойған 60 Өзбекстан азаматы құтқарылды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Автобустан ақау шығып  63  жолаушы  жолда қалып қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жолда қалып қойған 60 Өзбекстан азаматы құтқарылды

Автобус орта жолда бұзылып қалған. Оқиға Әйтеке би ауданы Қарабұтақ–Қостанай тас жолында  болды. Ауа райының қолайсыздығы  оларды жедел түрде басқа көлікке  ауыстыруға кедергі  келтірген. Жолаушылар бұзылып қалған автобустың ішінде ұзақ  күтуге мәжбүр болды.

Оқиға туралы хабарлама аймақтық ТЖ  басқармасына келіп түскен соң бірден  патрульдік топтар жіберілді. Олар жолаушыларды жақын маңдағы ауылға жеткізіп, жергілікті мектепке орналастырған. Автобуста 63 жолаушы болған. Олардың 60-ы Өзбекстан азаматтары. ТЖ басқармасы жол ашылғаннан кейін жолаушыларға басқа автобус жіберілетінін айтты.