Қоғам • 13 Наурыз, 2023

Жыл басынан бері елімізге қанша қандас оралды?

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша 3 134 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минимстрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері елімізге қанша қандас оралды?

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50,0%) Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% –Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1% жоғары білімді, 40,9% орта кәсіби білімді, 35,2% жалпы орта білімді және 3,8% білімі жоқ.