Президент • 13 Наурыз, 2023

Аңдамай айтылған бір ауыз сөз елге зардабын тигізеді – Президент

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет басшысы Премьер-министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аңдамай айтылған бір ауыз сөз елге зардабын тигізеді – Президент

Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді дамыту үшін саяси жүйені ғана жаңғырту жеткіліксіз екенін айтты.

«Реформалар, ең алдымен, қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптастыруы керек. Сонымен бірге жаңа құндылықтарды орнықтыруы қажет. Ең алдымен, ел мүддесіне және әр адамның құқығына басымдық беріледі», деді Президент.

Сондай-ақ ол заң мен тәртіп сақталған жерде әрдайым тұрақтылық болатынын атап өтті.

«Геосаяси ахуал ушыққан кезде мемлекеттің және азаматтардың жауапкершілік жүгі артады. Аңдамай айтылған бір ауыз сөз, ойланбай қабылданған бір шешім елге зардабын тигізуі мүмкін. Әрине, мемлекет сөз бостандығына кепілдік береді. Әркімнің қалауынша қарекет жасауына мүмкіндік бар.

Бірақ бұл бассыздыққа жол беру деген сөз емес. Әрбір азамат елдің тыныштығын және оның аумақтық тұтастығын сақтауға қатысты заң талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті. Заң мен тәртіп бар жерде тұрақтылық болады. Бұл қағида – барлығына ортақ», деді Мемлекет басшысы.